Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы екінші жекпе-жегінің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Редакция Ulyssport

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы екінші жекпе-жегінің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Фото: 360 Promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) 14 желтоқсан таңертең америкалық Рафаэль Игбоквеге (17-5, 7 КО) қарсы кездесу өткізеді. Жекпе-жек қарсаңында боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз түйістірді. Садриддин Ахмедовтің салмағы – 72,03 кг (158,8 фунт), ал Рафаэль Игбоквенің салмағы – 71,21 кг (157,2 фунт) болды.

Жекпе-жек орта салмақта (72,57 келі немесе 160 фунт) өтеді. Садриддин Ахмедов АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Инес қаласында өтетін Hollywood Fight Nights шоуының басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. Бұл кешті танымал промоутер Том Леффлердің 360 Promotions компаниясы ұйымдастырып отыр.

 

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Садриддин Ахмедовтің АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі. Бұған дейін Антонио Тодд (17-12, 9 КО) есімді америкалық боксшымен жекпе-жек өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді.