Қазақстандағы жетекші лигалардың бірі саналатын Naiza Fighting Championship тұжырымы алғаш рет Семейде турнир өткізеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
21 қазан күні “Абай Аренада” халықаралық Naiza Fighting Championship 70 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде екі бірдей титулдық айқас өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақ дәрежесінің чемпионы Нұрбек Қабдрахманов (10-2, 2 КО/ТКО, 6 SUB) ресейлік азулы қарсылас Николай Киоссеге (8-3-1, 1 КО/ТКО, 5 SUB) қарсы белбеуін екінші рет қорғайды. Ал екінші басты жекпе-жекте минималды салмақ дәрежесінің чемпионы Бағдат Жұбаныш (5-1, 2 КО/ТКО, 2 SUB) бразилиялық тәжірибелі спортшы, джиу-джитсудың хас шебері Ян Феразбен (16-7, 5 КО/ТКО, 5 SUB) кездеседі.
Айта кетейік, одан бөлек жартылай орта салмақтағы титулға үміткер Самандар Рузматов (6-0), болашағынан үміт күттіретін жас спортшы Тимур Серікұлы (4-2), Өзбекстан жұлдызы Хумоюн Тухтамұрадов (11-3) шаршы алаңға шығады.