Астанада Қазақстан футбол федерациясының президентті сайлау жөніндегі конференциясы өтті, деп жазады Ulyssport.kz.
ҚФФ президенті лауазымына үш кандидат үміткер болған. Сайлау қорытындысы бойынша, Марат Омаров федерацияны басқаратын болды.
Марат Омаров бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы. Бұл қызметке ол 2022 жылы тағайындалған.