ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды

Редакция Ulyssport

Қарағанды облысы ТЖД қызметкері Санжар Әділов Шымкенттегі Alash Pride турнирінің басты жекпе-жегінде айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ТЖМ

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Мен ТЖМ басшылығына сенім, қолдау және түсіністік үшін шын жүректен ризамын. Жасалған жағдайлардың арқасында мен жоғары нәтижелерге қол жеткізе отырып, қызметпен қатар спортпен де шұғылдана аламын. Сіздің маған деген сеніміңіз қызметте де, рингте де жаңа жеңістерге шабыттандырады», - деп Санжар атап өтті.

Ол министрліктің қолдауы спортпен шұғылданатын барлық қызметкерлер үшін маңызды ынталандыру екенін және құтқарушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.