Омаров ара түсті ме? ҚФФ Черчесовтың кететінін жоққа шығарды

Гүлнұр Қуанышбекқызы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай ақпаратты ҚФФ таратты, деп хабарлайды Ulyssport.

ашық дереккөзден

Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады.

Бұған дейін белгілі спорт журналисі, футбол комментаторы Ермұхамед Мәулен футболдан Ұлттық құрама команданың бас бапкері Станислав Черчесовтің жуырда қызметінен кететінін мәлімдеген еді.