Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды

Редакция Ulyssport

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медальге қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ҰОК

Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні еңсерді.

Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келімен иеленсе, үздік үштікті оның отандасы Эсфандиари Мохаммад 334 (152+182) келімен қорытындылады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақжол Кұрманбек екі әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионатында топ жарған еді.