Бүгін дзюдо спорты бойынша Париж Олимпиадасының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
2024 жылдың басты додасы – Париж Олимпиадасына жолдама алған 8 дзюдошымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды.
27 шілде
48 келі. Әбиба Әбужақынова - Сара Ришони (Израиль)
60 келі. Елдос Сметов - Торнике Чкадуа (Нидерланд)
28 шілде.
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев - Давид Гарсия Торне (Испания)
29 шілде
73 келі. Данияр Шамшаев - Муроджон Юлдошев (Өзбекстан)
30 шілде
81 келі. Абылайхан Жұбаназар - Атилла Унгвари (Мажарстан)
63 келі. Эсмигул Куюлова - Любьяна Пёвесана (Аустрия)
1 тамыз
100 келі. Нұрлыхан Шархан - Тома Никифоров (Бельгия)
2 тамыз
+78 келі. Кәмила Берліқаш - Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия)
Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының 80 атлеті 25 спорт түрінен сынға түседі. XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді.