«Ризабек Айтмұқан Садулаевты ұта алмайды» – Дәулет Тұрлыханов

Редакция Ulyssport

Грек-рим күресінен әлем чемпионы, Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Ризабек Айтмұқан мен Абдурашид Садулаевқа қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz 1bol.kz-ке  сілтеме жасап.

 

ҰОК

Тұрлыхановтың айтуынша, Ризабектің бойы мен бұлшықетінің жақсы болғанымен, оған әлі де болса физикалық дайындығын күшейту қажет.

«Ризабек қазір Садулаевты жеңе ала ма? Маман ретінде айтарым – әзірге жоқ. Ризабектің бойы, бұлшықет құрылымы жақсы. Бірақ оған физикалық дайындығын жетілдіру қажет. Тәжірибе уақытпен келеді. Ол жақсы, жетілген күрес көрсетіп жүр. Дегенмен, кемшіліктері де бар. Мысалы, ол аяғын қарсыласқа жиі беріп қояды. Бұл қауіпті, себебі тәжірибелі қарсылас аяққа өтіп, ұпай ала алады немесе жарақат қаупі туындайды. Сондықтан аяқтарын қорғауды үйрену керек. Ең бастысы – тәртіп. Мүмкін, жаттығуға көбірек көңіл бөліп, жарыстарға аздау қатысу қажет шығар. Мысалы, Тараздағы турнирде ол 8:0 есебімен алда келе жатып, америкалыққа ұтылып қалды. Бұл әлі де көп жұмыс істеу керектігін көрсетеді. Бірақ бір нәрсе анық – оның таланты бар», – деді Дәулет Тұрлыханов sportnews.kz-ке берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2024 жылы 20 және 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар ол биыл ел чемпионатында 97 кг салмақ дәрежесінде финалға шығып, Әлішер Ерғалидан ұтылған еді.

Абдурашид Садулаев – ресейлік еркін күрес палуаны, екі дүркін Олимпиада, 6 дүркін әлем чемпионы.