Шымкенттен шыққан гроссмейстер Ринат Жұмабаев турнирлер арасындағы үзілісте Нью-Йорктегі әйгілі Washington Square паркінде шахмат шеберлігін көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Жақында өткен Рапид турнирінде ол өзінің шеберлігін көрсетіп, әлемдік рейтингте үшінші орындағы әйгілі Хикару Накамурамен тең ойын өткізді.
Бұрын Қазақстан шахмат құрамасын басқарған Жұмабаев 2024 жылдың 18 сәуірінде өзінің Facebook парақшасында ұлттық құрамадан кету туралы шешімін жариялады. Ол бұл қадамға жеке мақсаттарға назар аудару үшін барғанын айтты.
«Мен үшін басқа бағытта даму уақыты келді», – деп жазды шахматшы ағылшын тілінде.
Соған қарамастан, Ринат халықаралық аренада және одан тыс жерде өзінің талантымен шабыттандыруын жалғастыруда.