Аустралияның Брисбен қаласында WTA-500 турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сайыста екінші айналымдағы кездесуін (1/4 финал) өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қазақстанның жұптық сайыстағы бірінші ракеткасы ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жапондық Суко Аояма/Эри Хозуми дуэтінен 0:6, 4:6 есебімен сенсациялық түрде ұтылды.
Матч 1 сағат 11 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Данилина мен Хромачева бір рет доп беруден ұшып, қосарланған төрт қате жіберіп, екі брейк-пойнттың екеуін де орындады.
Бұған дейін Брисбенде өткен бірінші айналымда Қазақстан-Ресей тандемі Яна Сизикова (Ресей) / Кристина Букша (Испания) дуэтімен кездесіп, 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына өтті.
Сондай-ақ осы кубоктың ширек финалында Рыбакина Қазақстанды алға шығарғанын жазғанбыз.