Қазақстанның екі спортшысы әлем біріншілігінде үздік ондыққа кірді

Редакция Ulyssport

Семсерлесуден Швейцарияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.

ҚР ҰОК

Богдан Лукин мен Кирилл Проходов жарыстың ширек финалына шықты.

Бұл раундта Лукин германиялық Оле Петерсонға есе жіберсе, Проходовты ұлыбританиялық Тристан Люминье жеңді.

Нәтижесінде Кирилл Проходов бесінші, ал Богдан Лукин өз өнерін сегізінші орында аяқтады. Жалпы есепте Георгий Тинников  12-ші, Нұржан Әбжанов – 129, Алексей Касаткин – 144-ші орынға тұрақтады.