Ұзақ жылдар бойы Қазақстан атынан сынға түскен әйгілі дзюдошы Отогонцэцэг Галбадрах 2021 жылы туған жері Моңғолияға оралған болатын. Желтоқсанда ол Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Моңғолия азаматтығын алуға өтініш берген, деп хабарлайды Ulyssport порталы Offside.kz сайтына сілтеме жасап.
Отогонцэцэг Қазақстанның атынан 2015 жылдан бастап өнер көрсетеді. Ол Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі рет әлем чемпионатында үшінші орын алды. Азия чемпионы және бірнеше рет үлкен дулыға, гран-при турнирлерін жеңіп алды. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Еске сала кетейік, Отогонцэцэг Галбадрах Токиодағы Олимпиада ойындарынан кейін мансабын аяқтап, Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласына қоныс аударды. Туған мекенінен «жеңімпаз дзюдо» спорт клубын ашып, жас дзюдошыларды баптап жатыр.