Конькимен жүгірушілер арасында Азия ойындарына байланысты дау туды

Редакция Ulyssport

Астанада өткен іріктеу кезеңінен кейін қостанайлық спортшы ұлттық құрамамен келіспей қалды, деп хабарлайды Ulyssport порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап

Александр Кленко әлеуметтік желісінен

Александрдың сөзіне сүйенсек,  2025 жылғы Азия ойындарына қатысатын құрама ел біріншілігінің  қорытындысы бойынша жасақталатыны айтылған. Спортшының айтуынша, ол жарыс 2024 жылдың 18-21 желтоқсанында елордада өткен.

Кестені Александр Кленко ұсынды

"Мен бұл іріктеуге барымды салдым, өйткені мұның Азия ойындарына апаратын тікелей жол екенін ұқтым. Осында таңдалған спортшы барады деп сөз берілген. Бірақ мен 1500 метр қашықтықты жүгіріп өтсемде, жиналыста тізімнен өзімді көрмедім. «Бұл сонда қалай болғаны?» деп сұрағанымда, тізімнің одан бұрын жіберілгенін, ештеңе істей алмайтынын айтты" дейді Александр Кленко

Команда елордада өтетін сайысқа дайындалып жатқанда, спортшыларға, бірінші және екінші орын алғандар баратынын, ал үшінші адамды басшылықтың өзі таңдайтыны айтылған. Жарыстың қорытындысы бойынша Александр  екінші орынға табан тіреген.

Кейін осы іріктеудің нәтижесі бойынша бесінші орын алған спортшының жарысқа баратыны белгілі болды. Командалық сынға қатысатындықтан осындай таңдау жасалды деп түсіндірді» дейді конькиші.

Кленко туризм және спорт министрлігіне хат жолдаған. Басшылық бас бапкер мен ұлттық құрама әділетсіз шешім қабылдады деп есептейді

Сонымен қатар, министрлік бұл жағдайда «командалық жарыс» тәртібі басым рөл ойнайтындығын, Александрдың орнына таңдалған Нұралы Ақжолдың «командалық жарыс» бойынша қазіргі таңдағы республикалық рекордшы екенін жеткізген.

Еске сала кетейік, Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтеді.