Алматыда фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.
7-11 қаңтар күндері Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Әлемдік додаға 13 елден 110 спортшы қатысады. Атап айтқанда, Қазақстан, Германия, Канада, Қытай, Франция, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдің өкілдері сынға түседі.
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ:
Могул/паралель могул:
Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Виктория Кузнецова, Юлия Мокина, Семён Русаков, Ильнар Ибрагимов, Данил Коротков, Алексей Дениярёв, Денис Раструба.
Шаңғы акробатикасы:
Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Райана Маханова, Асан Асылхан, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов, Аделина Өмірзақова.
ЖАРЫС КЕСТЕСІ:
7 қаңтар – могул, 10:00-15:30
8 қаңтар – параллель могул, 11:00-14:30
9 қаңтар – командалық параллель могул, 11:00-15:00
10 қаңтар – шаңғы акробатикасы, 11:00-13:30
11 қаңтар – командалық шаңғы акробатикасы, 12:00-13:30