Городко фристайл-могулдан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Редакция Ulyssport

Анастасия Городко «Шымбұлақта» өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында 2-орын алды, деп хабарлайды Ulyssport. 

 

 

Instagram: nastya_freestasya

Қазақстандық спортшы Шымбұлақтағы тау-шаңғы курортында өтіп жатқан фристайл могулдан жасөспірімдер арасында күміс жүлдегер атанды. Ал, алтынды жапон спортшысы алды.  

Анастасия Алматыдағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Отандасымыз таңдаулы 6 спортшы арасындағы суперфиналда 70.79 балл алды.

  1. Юма Тагучи-72 43 (Жапония)
  2. Анастасия Городко-70 79(Қазақстан)
  3. Мисе Куриа- 66 63(Жапония)

Еске сала кетейік, Анастасия 2022 және 2024 жылы Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында алтыннан алқа таққан. Сонымен қатар параллель могулда 2 рет күміс жүлдеге ие болған.