Махмудовтың әкесі: "Ақжолдың Париждегі жеңілісіне екі адам кінәлі"

Редакция Ulyssport

Ақжол Махмудтың әкесі Мұхаммед Махмудов ұлының Париждегі Олимпиада да нашар өнер көрсетуіне кім кінәлі екенін айтты, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы Спорт АКИpress сайты жариялады.

 

Сурет: United World Wrestling

Еркін күрес жанкүйерлері Ақжолдың алтын алатынына сенімді болды. Әйткенмен, Францияда өткен ойындарда Махмудов қола жүлдені қанағат тұтты.

"Мен Ақжол мен Жоламанның Олимпиадада жеңіске жететініне сенімді болдым" дейді әкесі.

ҚАРСЫЛАСЫ ҚУЛЫҚҚА БАСТЫ

Жоламан Фумитаға алданып қалды. Күрестің не екенін Жоламанмен жекпе-жектен кейін ғана түсінгенін Олимпиада алдында айтып жүрген, бірақ бәрібір де қулыққа басты.Ол бұған дейін әлем чемпионы болған. Психологиялық жағынан ғана басым түсті, ал Жоламан сәл дайын болмады.

ОНЫҢ ЖЕҢІЛІСІНЕ БІЗ КІНӘЛІМІЗ

Ақжолдың Олимпиада чемпионы атанбауына екі адам кінәлі. Біріншісі – мен, екіншісі – оның жеке бапкері Мейрамбек Ахметов. Мен бақылауды жоғалттым, себебі көп уақытым Ошта өтті. Жаттықтырушысы оны қатаң бақылауда ұстап отыр деп ойладым, ал бапкер керісінше мені қарап жүр деп ойлады.

ДАЙЫНДЫҒЫНА КЕРІ ӘСЕР ЕТКЕН 

Ақжолдың Олимпиадаға неге дайын болмағаны туралы да айтайын.Физикалық тұрғыдан дайын барды. Бірақ бұл жерде психологиялық дайындық өте маңызды.  Ақжолдың ойында басқа нәрсе болды. Бірақ бұл әзірге құпия.

Еске сала кетейік, Ақжол Махмудов Олимпиада алатынына фавориттердің бірі саналды, бірақ нәтижесінде тек 3-орынға табан тіреді.