Еркін күрестен ел тарихында алғаш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанның есімі әлемдегі үздік балуандар тізіміне енді, деп хабарлайды Ulyssport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз 2023 жылдың күзінде Сербияда Ризабек Айтмұхан Қазақстан тарихында тұңғыш рет еркін күрестен әлем чемпионы атанған болатын. Бұл жеңіске палуан олимпиадалық емес 92 кг салмақта сынға түсіп, қол жеткізгені көпшілікке мәлім.
Ал өткен жылдың ақпан айында Айтмұхан 97 кг олимпиадалық салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін күресуге үміттенген еді. Алайда ел чемпионатының финалында ол өзінің басты қарсыласы Әлішер Ерғалиға есе жіберді. Кейін Әлішер Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алғаннан кейін Ризабектің төртжылдықтың басты жарысынан тыс қалатыны анық болды.
2024 жылдың күзінде Ризабек бір ай ішінде 20 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаттарында топ жарды. Айта кететін жайт, сол уақыттары Ризабектің жасы небәрі 19-да ғана еді.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2024 жылы 20 және 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар ол биыл ел чемпионатында 97 кг салмақ дәрежесінде финалға шығып, Әлішер Ерғалидан ұтылған еді.
Ал жуырда Грек-рим күресінен әлем чемпионы, Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Ризабек Айтмұқан мен Абдурашид Садулаевқа қатысты болжамын айтқан еді. Оның ойынша, Ризабек Садулаевты ұта алмайды.