Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан әлем чемпионатының екінші орнына шықты

Редакция Ulyssport

Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында фристайл-могулдан Қазақстан құрамасына екінші медаль әкелді, деп хабарлайды Ulyssport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

ҰОК

8 қаңтарда спортшы параллель могулда алтын медаль жеңіп алды. Ал бір күн бұрын Городко жекелей сында екінші орынға ие болған еді.

“Бұл Қазақстанның медальдық есепте екінші орынға нық бекітілуіне мүмкіндік берді. Ұлттық құрамадан жоғары Жапония орналасқан, олардың еншісінде екі алтын және бір қола медаль бар. Үздік үштікті бір алтынмен Чехия аяқтайды”, деп жазды Olympic.kz.

9 қаңтарда аралас командалар арасында жарыстар өтеді.

Еске сала кетсек, Анастасия Городко «Шымбұлақта» өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында 2-орын алған.