Бүгінгі матчымда бұрынғы бапкерім болмады – Рыбакина

Ерик Ильясов

Australian Open турнирі барысында Ulyssport.kz редакциясы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен бірінші айналымдағы жеңісінен кейін тілдесті.

– Елена, жеңісің құтты болсын! Бүгінгі жеңісіңде жаңа бапкерің Горан Иванишевичтің рөлі қандай болды? Жалпы әріптестіктің нәтижесі деуге бола ма?

– Нақты айта алмаймын. Бір нәрсе айту үшін әлі ерте деп ойлаймын. Біз бір-бірімізді енді ғана танып, біліп жатырмыз.

– Бұрынғы бапкерің Стефано туралы тағы да сұрағым келеді. Осы матч алдында сөйлесе алдыңыздар ма? Оның аккредитация алмағанын білеміз.

– Жалпы Стефаномен сияқты сөйлесеміз. Горан сияқты ақыл-кеңестерін айтып тұрады. Тек онымен ғана емес, бүгін кездескен қарсыласыммен жақында ғана ойнаған қызбен де сөйлестім, пікірін сұрадым. Өйткені оның қалай ойнайтынын білмедім.

– Білуімізше Стефано билетпен ғана кіре алады. Сіз билет бердіңіз бе?

– Ол бүгінгі матчта болған жоқ.

– Биыл Аустралия ашық чемпионатында жаңашылдықты байқаған боларсыз. Бапкерлеріңіз корттың шетінде отыра алады (биылғы турнирде бапкер спортшымен ойын барысында тілдесіп, ақыл-кеңес сұрай алады). Байқағаным, сіздің команда бұрынғысынша көрермендер жақта отырды. Сіз солай шештіңіз бе?

– Иә. Біз матч алдында ақылдасып, бұрынғысынша жоғарыда отыруларын қаладым. Өйткені қарсы жақта ойнағанда маған көрінсін деген тілек болды. Алдағы матчтарда мүмкін төменге қарай түсетін шығар?! Көреміз.

– Матч алдында қандай да бір ритуалыңыз бар ма?

– Нақты бір ритуалым жоқ. Әдеттегідей жаттығамын, сосын тамақтанамын. Алдыңғы ойынның бітуін күтемін.

– Мельбурнда теннистен басқа немен шұғылданасыз? Бос уақытыңызда не істейсіз? Қызықты, мәдени жерлерге бара алдыңыз ба?

– Ауа-райы онша болмады. Әлі көп нәрсе көріп үлгермедік. Уақытты әзірге тек жаттығуға арнап жатырмын. Әрине тамақтану үшін сыртқа шыққан күндерім болды.

– Былтырғы Еленаға қарағанда биылғы Еленаның допты ойынға қосқандағы жылдамдығы аздау. Ол неге байланысты?

– Статистикаға қарамадым, бірақ біз қазір доптың жылдамдығына емес, нақты бір нүктеге түсуіне, сапаға жұмыс жасап жатырмыз. Мүмкін содан болар?!

– Рахмет! Екінші айналымда сәттілік!