Бүгін Мельбурн қаласында Аустралия ашық чемпионаты аясында өтетін AO Juniors турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ulyssport.kz
Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы, былтырғы АО Juniors турнирінің ширек финалисті Әмір Омархановтың (Қарағанды) жекелей сындағы қарсыласы - Матисс Фарзам (АҚШ).
Сондай-ақ, Түркістан облысының тумасы Заңғар Нұрланұлының қарсыласы да белгілі болды. Ол - Николас Бейкер (Аустралия).
Омарханов 18 жаста, ал Нұрланұлы 17 жаста. Қазақстан теннис мектебінің түлектері қазір Еуропада жаттығады.
Жарыс ересектер арасында өтіп жатқан Australian Open - мен қатар 18-25 қаңтар аралығында Мельбурн Паркте өтеді.