Рыбакина Үлкен Дулыға турнирінің екінші аптасына жолдама алды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық Елена Рыбакина Australian Open турнирінің үшінші айналымында Украина теннисшісі Даяна Ястремскаяны 6:3, 6:5 есебімен ұтты, деп хабарлайды Ulyssport.

Australian Open

“Матч кезінде ұзын доп алмасу сәттері оңай болмады. Арқам ауырды. Агрессивті ойнауға тырыстым. Кей кезде тәуекелге бардым. Қазір физио бапкеріме барып, көмегіне жүгінемін”,- деді ойын барысында медициналық үзіліс алған Елена Рыбакина.

1,5 сағатқа созылған кездесуде Қазақстан спортшысы 2-ақ эйс және 2 қосар қателік жасады. Ал қарсыласы 5 эйс және 8 қосар қателікпен көзге түсті.

Елена Рыбакина ширек финалға жолдаманы АҚШ қыздарының біреуімен (Коллинс немесе Киз) сарапқа салады.