Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогы кезеңі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Халықаралық жарыс аясында іріктеу кезеңі өтті. Оған Қазақстан құрамасының атынан төрт спортшы қатысты.
Данил Васильев 35-орын, ал Илья Мизерных 46-орынды иеленді. Екеуі де іріктеуден өтіп, үздік 50 спортшының қатарына кіріп, негізгі жарысқа жолдама алды. Медальдар 19 қаңтарда сарапқа салынады.
Святослав Назаренко 55-орын алса, Сабыржан Муминов 56-орынмен іріктеуден өте алмады.
18 қаңтарда Қазақстан құрамасы командалық жарыстарда өнер көрсетеді. Турнирге Мизерных, Васильев, Муминов және Назаренко қатысады.