17 жастағы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатының алғашқы айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
АҚШ теннисшісі М.Фарзаммен өткен тартысты кездесудің нәтижесі тай-брейкте шешілді - 7:6(3), 7:6(8). Матч 2 сағат 4 минутқа созылды.
Бұл Әмір мен Матисс арасындағы алғашқы кездесу.
Әмір AO Juniors турнирінің екінші нөмірлі ракеткасы. Былтыр ширек финалға дейін жеткен еді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске сала кетсек, кеше дәл осы жарыстың бірінші кезеңінен тағы бір жерлесіміз Заңғар Нұрланұлы өткенін хабарлағанбыз. Бірінші айналымда жергілікті теннисші Николас Бейкерге (уайлд кард) қарсы өткен матчтың қорытынды есебі – 6:2, 3:6, 6:3 болды.
Бұл Заңғар Нұрланұлының Үлкен Дулыға турниріндегі алғашқы матчы. Енді екінші айналымда Болгария өкілі Александер Василевпен (17 жас) ойнайды.