Инглвудта (Калифорния, АҚШ) өткен UFC 311 турнирінде аса жеңіл салмақта грузиялық әлем чемпионы Мераб Двалишвили (18-4) титулын қорғау үшін дағыстандық Умар Нурмагомедовпен (17-0) төбелесіп, жеңіске жетті, Ulyssport.kz. Бұл жекпе-жек турнирдің басты оқиғаларының бірі ретінде бағаланды.
Двалишвили бұған дейін отандасымыз Бекзат Алмаханды жеңген.
Бес раундқа жоспарланған чемпиондық жекпе-жек соңына дейін өтті. Төрешілер шешімімен Мераб Двалишвили жеңімпаз деп танылып, өзінің чемпиондық титулын қорғап қалды. Есеп – 48-47, 49-46, 48-47.
Грузин файтері үшін бұл алғашқы титул қорғау жекпе-жегі еді. Ал, 29 жастағы Нурмагомедов титул үшін алғаш рет төбелесті. Сондай-ақ, ол аралас жекпе-жектегі алғашқы жеңілісіне де ұшырап отыр.
Умар – әйгілі Хабиб Нурмагомедовтің туыс інісі. Ол бұған дейін қазақ Бекзат Алмаханды жеңген болатын. Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық – Сергей Морозовты да жеңіліспен үйіне қайтарған.