Заңғар Нұрланұлы жұптық сында әйгілі Хьюиттің ұлын жеңді

Редакция Ulyssport

Аустралия ашық чемпионаты жасөспірімдер турнирінің жұптық сынында 16 жасар Заңғар Нұрланұлы Үндістан теннисшісімен бірге екінші айналымға өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Ulysmedia коллажы

Нұрланұлы-Тьяджи жұбы бірінші айналымда аустралиялық қарсыластары Круз Хьюитт пен Дуе Марковина дуэтін 6:2, 1:6, 10:4 есебімен ұтты.

Айта кетерлігі, Круз Хьюитт аңызға айналған теннисші, екі дүркін Үлкен Дулыға турнирінің чемпионы Ллейтон Хьюиттің ұлы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сала кетсек, кеше дәл осы жарыстың бірінші кезеңінен Заңғар Нұрланұлы өткенін хабарлағанбыз. Бірінші айналымда жергілікті теннисші Николас Бейкерге (уайлд кард) қарсы өткен матчтың қорытынды есебі – 6:2, 3:6, 6:3 болды.

Ал 17 жастағы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатының алғашқы айналымында жеңіске жетті.