Қазақстандық теннисші Ә.Омарханов ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport.
Әмір Омарханов үшінші айналымда Швеция өкілі Уильям Винчигуэррамен кездесті. Алғашқы партия 6:4 есебімен Омархановтың пайдасына шешілді. Винчигуэрра екінші сетте басымдық танытты (4:6). Ал үшінші сетте теннисшілер есепті шешуші тай-брейкке дейін жеткізіп, Швеция спортшысы жерлесімізді 10:6 ұтты.
Еске сала кетейік, былтыр Әмір Омарханов Australian Open Juniors турнирінің ширек финалына өткен алғашқы қазақстандық теннисші атанғанын жазғанбыз.