Испаниядағы бокстан турнирде Қазақстанның атынан кімдер шығады

Гүлнұр Қуанышбекқызы

Испанияда бокстан халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының боксшылары аталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

ашық дереккөзден

Команда бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, содан кейін халықаралық турнирге қатысады. Ол 3-9 ақпан аралығында өтеді.

Испанияда келесі спортшылар өнер көрсетеді:

Ерлер

  • 48 келіге дейін: Ернар Карап, Нұрзат Оңғаров
  • 51 келіге дейін: Ернұр Қайрат, Рамазан Нұрлыбаев
  • 54 келіге дейін: Бағлан Кенжебек, Ақтілек Орынбасар, Жандаулет Сәрсенбаев
  • 57 келіге дейін: Жасұлан Тілеумбек, Ержан Тұрдан
  • 60 келіге дейін: Шыңғыс Мусинов, Бейбарыс Жексен
  • 63.5 келіге дейін: Алматы Абдуали, Жандос Қыдыралиев
  • 67 келіге дейін: Дулат Бекбауов, Елнұр Сүйінбай
  • 71 келіге дейін: Дархан Дүйсебай, Аман Қонысбеков
  • 75 кг дейін: Диас Молжигитов, мақсат Өтегенов
  • 80 келіге дейін: Дәулет Төлемісов
  • 86 келіге дейін: Бекнұр Батырбек, Темірлан Мұқатаев, Бекзат Таңатар
  • 92 келіге дейін: Мәди Әміров. Нұрмағамед Юсупов
  • 92 келіден жоғары: Даниял Сапарбай

Әйелдер

  • 48 келіге дейін: Роксан Гасымова
  • 60 келіге дейін: Гүлжайна Уббиниязова
  • 70 келіге дейін: Бақыт Сейдиш
  • 75 келіге дейін: Диана Мағауияева.