Грузияға ауысып кеткен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Еуропа біріншілігінде топ жарды

Редакция Ulyssport

2021 жылдан бері Грузияның атынан шығып жүрген ресейлік спортшы мәнерлеп сырғанаудан топ жарды, деп хабарлайды Ulyssport.

ашық дереккөзден

БАР НАЗАРЫМ ҚАТЕСІЗ ӨНЕР КӨРСЕТУДЕ БОЛДЫ 

Ресейлік Анастасия Губанова әйелдер арасындағы қысқа бағдарламада 68,99 ұпаймен бірінші орынға тұрақтады. 

"Мен, бұл жарысқа "жеңіс" деген үмітпен келмедім. Жүлде жөнін ойға салғанда жоқпын. Бар назарым дайындығымды мұз үстінде көрсетуде болды" деді Анастасия 

ЕРКІН БАҒДАРЛАМАДА БАР КҮШІМДІ САЛАМЫН

"Әрине, қысқа бағдарламадан кейін алған кішкентай алтын жүлде маған қауаныш сыйлады, бірақ мен бұған жіті мән бермеймін. Алдағы еркін бағдарлама да бар күшімді салып, бүгінгіден де тиянақты қатесіз өнерімді көрсеткім келеді" деп жеткізді спортшы Майя Багрянцеваға берген сұхбатында.

Айта кетейік , Анастасия Губанова Ресейден кеткен соң 2023 жылғы Европа чемпионатында алтын алған.