Бейбіт Жұқаев Дэвис Кубогының плей-офф кезеңінде Қазақстанға жеңіс сыйлады

Редакция Ulyssport

Астанада теннистен Қазақстан мен Пәкістан құрамалары арасындағы екінші плей-офф кездесуі өтті. Бейбіт Жұқаев пен Хузайфа Абдул Рехман кортта кездесті. Отандасымыз қарсыласынан мықтырақ болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстандық теннисші пәкістандық Хузайфа Абдул Рехманмен шеберлік байқасты. Кездесу брейк алмасумен басталды. Тартысты өрбіген бірінші партия соңында Бейбіт тоғызыншы сет-пойнтты пайдалана білді – 7:5.

Екінші сет барысында пәкістандық спортшы жарақат алып қалғаннан кейін Жукаевтың басымдылығы тіпті арта түсті – 6:0. Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты.
 
Жексенбі күні Қазақстан – Пәкістан матчында тағы үш ойын белгіленген. Қазақстандықтарға енді бір кездесуді жеңіспен аяқтаса, жетіп жатыр.