Қазақстандық конькишілер Италияда өтіп жатқан әлем чемпионатының кіші кезеңінде алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
Алена Лифатова, Алина Дауранова және Арина Ильященко Коллалбода (Италия) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде нео-сеньорлар арасында командалық спринтте үздік атанды.
Олардың жеңісі Қазақстан қоржынына осы күнгі екінші алтын медалін сыйлады.
Қазақстан құрамасы 1:35,56 нәтижемен аяқтады. Италиялық спортшылар екінші (1:37,71), Норвегия құрамасы үшінші (1:39,20) орынға табан тіреді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске сала кетсек, конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жекелей сында жеңіске жетті.
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдегер атанды.