Қазақстандық Алина Дауранова Коллалбода (Италия) конькимен жүгіруден әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде үшінші медалін (күміс) жеңіп алды деп хабарлайды Ulyssport.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Бұл жолы спортшы 500 метрге жүгіруде мәреге екінші болып келді. Бірінші орынды Ханна Биро (Венгрия) иеленді. Үздік үштікті Майбрит Вигл (Италия) түйіндеді.
Айта кетейік, Дауранова бұған дейін 1000 метрге жүгіруде және командалық спринтте алтын алған болатын.
Еске сала кетсек, Дәл осы кубокта конькиші Алина Дауранова Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленген еді.