Дэвис кубогы: Қазақстан Пәкістан құрамасын ұтты

Редакция Ulyssport

Астана қаласында теннистен Дэвис бірінші әлемдің топтың плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Пәкістанды ұтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

ҚТФ

Бүгін жұптық сында Александр Шевченко – Тимофей Скатов жұбы Акел Хан – Музамиль Муртазамен кортқа шықты.

Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық жұп брейк жасап, сол басымдылықты сақтап қалды – 6:4.

Екінші сетте де корт иелері 3:1 есебімен алға кетті. Есеп 5:4 болғанда, матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндікті пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте есе жіберген жоқ – 7:6 (7:1).
Тартысты бәсеке 1 сағат 45 минутқа созылды.

Осылайша, есеп 3:0 болып, Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.