Бар күшімді салуға бел буып келдім – Елена Рыбакина

Ділназ Бишер

Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA-500 қатты корт турнирінде алға қойған мақсаттары туралы айтты, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ол emirates247 сұхбатында мәлім етті 

Google

БҰЛ ТУРНИРГЕ БАР КҮШІМДІ САЛАМЫН

"Мен Абу-Дабиге Австралияның ашық чемпионатынан кейін келдім. Өткен жылы жеңіп алған титулымды қорғау үшін барымды салып дайындыщ жаттығуларын бастап кеттім. Мұндағы бәсекелестіктің ширатып түстерін жақсы білемін, бірақ оған да қарамай бар күшімді салуға бел будым" деп айтты Рыбакина 

АЛДЫҢҒЫ ЖЕҢІЛІС МАҒАН МОТИВАЦИЯ 

Сонымен қатар, теннисші алдыңғы жеңіліс әсерінен бұл турнирге аш боп келгенін жеткізді.

"Австралияның ашық чемпионатында ә деместен жеңілуім бұл турнирді екінші жыл қатарынан жеңуіме басты мотивация" деді спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина Australian Open  турнирінде жеңіліс тапқан.