Евгения Медведева Қазақстанға келеді

Ділназ Бишер

Евгения Медведева «1001 түн» мұз қойылымында өнер көрсету үшін Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Мәнерлеп сырғанаудан әлемнің екі дүркін жеңімпазы Евгения Медведева Алматыдағы «1001 түн» мұз қойылымында өнер көрсетеді. 

"Сіздерді 22 ақпан күні Алматыда, «Алматы Аренада» өтетін «1001 түн» мұз қойылымына шақырамын.

Билеттер лезде сатылуда, сондықтан орын алып қалуға асығыңыздар. Мұзда кездескенше! Кездескенше, Алматы!» деді Медведева Instagram желісінде.

Айта кетейік, сонымен қатар қойылымға Олимпиада чемпиондары мен әлемнің үздік мәнерлеп сырғанау шеберлері де келеді.