Елена Рыбакина Уимблдондағы тұғырлы жолын қайталады

Ділназ Бишер

Уимблдон 2022 чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

KTF

Қазақстандық бұл турнирдің экс чемпионы, титулын қорғауға барын салады.

«Ширек финалда Рыбакина өзінің 2022 жылғы Уимблдон финалындағы ескі досы, әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы Тунис Онс Джабеурді 6:2, 4:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңді»  деп мәлімдеді KTF. 

Қазақстандық спортшыға жартылай финалға жолдама алу үшін екі сағаттан астам уақыт қажет болды, ол жекелей сында Токио Олимпиадасының чемпионы швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Айта кетейік, сол Олимпиадада алтынға бас үміткер саналған Елена Белиндамен жартылай финалда ойнап, одан кейін драмалық кездесуде жеңіс Швейцария өкіліне бұйырған.