Харбиндегі Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті

Редакция Ulyssport

Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Туризм және спорт министрлігі

Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.

Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.

Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.