Харбин 2025: қазақстандық әйелдер құрамасы шаңғыдан күміс алды

Ділназ Бишер

Қысқы Азия ойындарында әйелдер құрамасы шаңғыдан күміс алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: Google

Бұл сында Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.

Құрама сапында Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.

Еске сала кетелік, ерлер арасындағы эстафета Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.