Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының тағы бір рекордын жаңартты

Ділназ Бишер

"Реал" Манчестер Ситиді ұтып тарихи рекордты жаңартты, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: Google

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының 1/16 финалында «Манчестер Ситиді» ұтты. Есеп 3:2.

"Осы жеңістің арқасында турнирдің "қаймақтары" атанған бұл команда негізгі еурокубокта бірінші болып 300 рет жеңіске жетті. Сол арқылы тарихи рекордты жаңартты" деп мәлімдеді УЕФА

Айта кетелік, жеңіс саны бойынша екінші орында 241 ұтысы бар «Бавария » тұр. «Барселона» жеңіске жеткен матчтар саны бойынша үшінші орында (209).