Қазақстан қоржынына мәнерлеп сырғанаудан алтыншы медаль түсті

Дастан Кенжалин

Михаил Шайдоров - Харбин-2025 ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Туризм және спорт министрлігінен

Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. 

Ол бүгін еркін бағдарламада 169.26 ұпайға ие болды. Кеше қысқа жаттығудағы 76.75 балл жинаған. Осылайша, 246.01 ұпай оның үшінші сатыға көтерілуіне жол ашты.

Ал Диас Жиренбаев жалпы есепте 186.18 ұпаймен 9-орыннан көрінді. 

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Чха Жунхван чемпион атанды. Ал әлем чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері, жапон Юма Кагияма 2-орында.

Бұл мәнерлеп сырғанаудан ақ Азиададағы Қазақстан қоржынына түскен 6-жүлде.