Ертең Азиаданың соңғы күні: Қазақстан төртінші орында

Редакция Ulyssport

Қазақстан құрамасы Харбинде (Қытай) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының соңғы жарыс күні қарсаңында жалпыкомандалық есепте төртінші орынды сақтап тұр, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта қазақстандық спортшылардың қоржынында 18 медаль бар, оның ішінде: 

3 алтын 
8 күміс 
7 қола 

Турнирдің абсолютті көшбасшысы – Қытай, олардың еншісінде 82 медаль (32 алтын, 26 күміс, 24 қола). Оңтүстік Корея екінші орында (15 алтын, 14 күміс, 13 қола – барлығы 42 медаль), ал Жапония үздік үштікті түйіндеп тұр (3 алтын, 11 күміс, 14 қола – барлығы 34 медаль). 

Қазақстанның 2025 жылғы Азия ойындарындағы алтын медаль иегерлері 

Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев – фристайл, синхронды секіру 
Владислав Киреев – биатлон 
Ерлер құрамасы – шорт-трек