Қазақстандық спортшы төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Дастан Кенжалин

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдаров Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport .

ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы қысқа бағдарламада көрсеткен нәтижесін кейінгі кезеңде де сақтап қала алды. Еркін бағдарламада ол төрешілер шешімімен 190.37 ұпай жинап, жалпы есепте 285.10 ұпайға қол жеткізді. Нәтижесінде төрт құрлық чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Күміс медаль 265.02 ұпай еншілеген оңтүстіккореялық Ча Джун Хванға бұйырса, 245.01 ұпай жинаған америкалық Джимми Ма күміспен күптелді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Диас Жиренбаев 19-орынға табан тіреді. Оның ұпайы – 166.34.

Айта кетейік, 2015 жылы дәл осы Сеулде әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Қазақстанға алғашқы алтын медальді сыйлаған. Араға 10 жыл салып Михаил Шайдоров марқұм Денистің жетістігін қайталады. Сөйтіп бұл турнирде топ жарған екінші қазақстандық атанды.

Ал 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алған.