Әмір Омарханов теннистен Тунисте өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

Дастан Кенжалин

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Омарханов екінші айналымда италиялық Лука Констаньоланы 7:5, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Ширек финалда Әмір франциялық Шарль Бертимонмен немесе турнирдің бірінші ракеткасы саналатын германиялық Том Гентцпен кездеседі.