Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мексикадағы турнирдің финалында жеңілді

Дастан Кенжалин

Теннистен Қазақстан құрамасының спортшысы Анна Данилина WTA сериясының Меридеде (Мексика) өткен ірі турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы жұптық сайыста сынға түсті.

Бірінші орын үшін өткен матчта Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева польшалық Катажина Питер және мысырлық Маяр Шериф жұбына қарсы ойнады.

Анна Данилина мен Ирина Хромачева үш сет қорытындысы бойынша қарсыластарына жол берді. Финалдық есеп – 7:6, 6:5.