Бейбіт Жұқаев теннистен Францияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды

Дастан Кенжалин

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Францияның Тьонвиль қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Ол бұған дейін германиялық Макс-Ханс Ребергті жеңген болатын.

Матч екі сетке созылып, Жұқаев 7:6 (7:4), 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Келесі айналымда Бейбіттің қарсыласы норвегиялық Николай Будков Кьер мен канадалық Лиам Драксль арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.