Шаңғы жарысы: Қазақстан құрамасы 10 шақырымдық жекелей сайыста қалай өнер көрсетті

Дастан Кенжалин

Шаңғы жарысынан Тронхеймде (Норвегия) өтіп жатқан әлем чемпионатында 10 шақырым қашықтықта классикалық стильдегі жарыс өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Ерлер мен әйелдер арасында өткен сайыста Ернар Нұрысбеков 51-орынға ие болды, Виталий Пухкало 54-ші, Наиль Башмаков 55-ші, ал Олжас Климин 77-орынға тұрақтады.

Әйелдер арасында Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина бірдей уақыт нәтижесін көрсетіп, 47-орынды иеленді. Ксения Шалыгина жарысты 53-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, 5 наурыз күні командалық спринтте жүлделер сарапқа салынады.