Шаңғы жарысы: ерлер арасындағы эстафеталық жарыста ел намысын кімдер қорғайды

Дастан Кенжалин

Тронхеймде (Норвегия) шаңғы жарысынан әлем чемпионаты жалғасуда. 6 наурыз ерлер арасында 4×7,5 шақырымдық эстафеталық жарыс өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Бұл жарыста Қазақстан құрамасының атынан Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Ернар Нұрысбеков және Владислав Ковалев өнер көрсетеді.

Жарыс Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Айта кетейік, 5 наурызда командалық спринт өткен болатын. Бұл жарыста ерлер құрамасы 18-орын алса, әйелдер командасы 16-орынмен жарысты аяқтады.