Данияр Елеусінов Дана Уайттың бокс лигасында бақ сынайды

Дастан Кенжалин

Данияр Елеусінов Дана Уайттың бокс лигасында бақ сынайды, деп хабарлайды Ulyssport Qsport.kz-ке сілтеме жасап. 

instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақтан шыққан Олимпиада чемпионы ТКО промоушнымен келісімшартқа қол қойды.

ТКО бокс промоушнын Турки Аль Аш-Шейх пен UFC басшысы Дана Уайт құрды.

Биыл америкалық аренада атой салатын боламын. Мен ысырып тастамаңыздар! Онда жұлдыз болу оңай, бірақ жарқырап тұру қиын. Биыл жақсы келісімшарт келді. Турки Аль Аш-Шейх пен UFC басшысы Дана Уайт құрған лигадан шақырту алдым, - дейді боксшы.

Жаңа лига қандай болатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бүгін Данияр Елеусінов 34 жасқа толды. Кәсіпқой бокстағв 12 жекпе-жегінде де жеңіске жетті.