Теннисші Тимофей Скатов Грекиядағы турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды

Дастан Кенжалин

Қазақстан құрамасының теннисшісі Тимофей Скатов Грекияның Херсониссос қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Жартылай финалға шығу үшін ол болгариялық Димитар Кузмановпен кездескен болатын.

Матч екі сетке созылды. Нәтижесінде Кузманов 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, спортшылар кортта 1 сағат 40 минут өнер көрсетті.