Шорт-тректен Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.
Әйелдер эстафетасында қазақстандық спортшылар Польша құрамасының құлауы мен Италия командасының жарыстан шеттетілгеніне байланысты ширек финалды бірінші орынмен аяқтады.
Сондай-ақ, жартылай финалға ерлер құрамасы да өтті. Өзінің жарыс жолында Қазақстан құрамасы Канададан кейін екінші орын алды.
Аралас эстафета сайысында қазақстандық шорт-трекшілер жарыстан шеттетілді.
Айта кетейік, бұған дейін 1500 метр қашықтықтағы жарыстың жартылай финалына Әділ Ғалиахметов пен Ольга Тихонова шыққан болатын.