Александр Бублик теннистен Финикстегі турнирдің финалында жеңілді

Дастан Кенжалин

Қазақстан ерлер құрамасының теннисшісі Александр Бублик Финиксте (АҚШ) өткен Challenger турнирінің финалында қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Ақтық сында отандасымыз бразилиялық Жоао Фонсекамен кездесті. Тартысты бәсекеде Бразилия спортшысы мықтылық танытып, 7:6 (5:7), 7:6 (0:7) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қос спортшы бірінші рет өзара матч өткізді.